«Hyundai» көлігі тұрғын үй ауласынан ұрланған
Алматы қаласының Бостандық ауданында автокөлік ұрлығы дерегі тіркеліп, жедел-іздестіру шаралары барысында екі күдікті ер адам ұсталды. Олар тұрғын үй ауласындағы автотұрақтан Hyundai маркалы көлікті айдап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаскөйлер ұрланған көлікке жалған мемлекеттік нөмірлер орнатып, оны Алматы облысына алып кеткен. Алдын ала дерекке сәйкес, олар көлікті жеке үйлердің бірінде жасырып, ыңғайлы сәтті күтіп, сатуды жоспарлаған.
Полицияның кәсіби әрі жедел жұмысының нәтижесінде күдіктілер қысқа мерзімде анықталып, ұсталды. Олардың бірі бұған дейін сотты болған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Автокөлік ұрыларының қолға түсуі – кәсіби мамандар үшін уақыт мәселесі ғана. Қылмысқа қатысты нақты мекенжайлар тексеріліп, көлік иесіне қайтарылды», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Құқық қорғау органдары көлік иелеріне мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді: