Оқиға 1 маусым күні болды
Ақтөбе қаласында 1 маусымда болған ерекше жол-көлік оқиғасы қоғам назарын аударды. CHEVROLET автокөлігі мен жылқы соқтығысып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 312-ші атқыштар дивизиясы мен Мәншүк Мәметова көшелерінің қиылысында болған.
Тексеру нәтижесінде 15 жастағы шабандоз жол қиылысынан тыйым салатын бағдаршам сигналына қарамастан өтіп кеткені анықталды. Бұл әрекет соқтығысқа себеп болған.
Жол апаты салдарынан жасөспірім жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды. Көлік жүргізушісі зардап шекпегенімен, жануар алған жарақатынан өліп кетті.
Полиция департаменті жасөспірімнің ата-анасын кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде, барлық мән-жайлар анықталып жатыр.