Қазан айының соңғы күндері елімізде күн суытады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазан айымен бірге аномальді жылу да аяқталады

29-31 қазан аралығында республиканың басым аумағында күн суытады деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, Атлантикадан жылы және ылғал ауаны әкелген батыстық тропосфералық ағымдар солтүстік-батысқа қарай ауыса бастайды. Сондықтан қазан айының соңғы күндерінде Қазақстанда алдымен батыс, сондан соң солтүстік облыстарында жаңбырдың арты қарға ұласуы және температураның климаттық нормаға дейін төмендеуі күтіледі.