Ол мемлекетке 3,2 миллион теңге көлемінде залал келтірген
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Ауыл шаруашылығы министрлігінің Кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының бұрынғы орынбасары Б. Жолтайды кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Антикордың мәліметінше, Б.Жолтай үлестес компанияны қызметтік автокөлікті жөндеуге заңсыз тартқан, бұл әрекеті мемлекетке 3,2 миллион теңге көлемінде залал келтірген.
Сот шешімімен Б.Жолтайға 3,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот актісі әзірге заңды күшіне енбеген.
Айта кетерлігі, ҚР Конституциясының 77-бабы және ҚПК-нің 19-бабы негізінде, адам соттың заңды шешімі шыққанға дейін кінәсіз деп есептеледі.