6 маусым айт намазы оқылады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2025 жылғы Құрбан айт мейрамының алғашқы күні – 6 маусым екенін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыған орай, ҚМДБ еліміз бойынша Құрбан айт намазының уақытын бекітіп, кестесін ұсынды.
Құрбан айт намазының уақыты:
Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін қасиетті мерекелердің бірі. Бұл күні мұсылмандар Алланың разылығы үшін құрбан шалып, мұқтаж жандарға көмектеседі. Құрбандық шалу – Алла Тағаланың берген нығметтеріне шүкіршілік білдірудің бір жолы.