Дәретханалар 31 тамызға дейін пайдалануға берілуі тиіс
Алматыда жиырма модульдік дәретхана салынады. Жоба құны 178 миллион теңгеден асады, , деп хабарлайды Azayq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
«Алматы қаласына 2019 жылдың қорытындысы бойынша миллионнан астам турис келді. Олардың барлығы туристік инфрақұрылымға қарайды. Қалада осындай дәретханалардың тапшылығы көрініп тұр. Модульдік әжетханалар адам көп жүретін жерлерге қойылады», - дейді қалалық туризм басқармасы басшысының орынбасары Қалибек Ақылбеков.
Дәретханалар 31 тамызға дейін пайдалануға берілуі тиіс.