«Жас баланың тәрбиесі дұрыс емес»: Шынасылдың адвокаты Шерзатты саудаға араластырған әкесін сынады

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол оқиғаға осы себеп болуы мүмкін деген ой тастады

Фото: видеодан скриншот

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында Абзал Шынасылдың адвокаты Әбенов сыраның ақшасының төленбегені тек сылтау екенін айтты, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

«Қылмыс ең бірінші сырадан басталды. Оның ақшасы төленді ме, жоқ па, бізге аса маңызды емес. Ол тек сылтау деп есептейміз. Төбелестің басталуына жас баланың тәрбиесінің дұрыс жүргізбегені, ол баланы әкесі саудаға араластырғаны да дұрыс емес деп ойлаймын. Бірақ әрбір отбасының өзінің қолында. Дегенмен соған байланысты болды ма деп қорқамын. Еті қызу, албырт жас жігіттің Дархан Әскентайға қол жұмсаған дене жарақатын келтіріп, қанын ағызған», - деді ол.

Адвокат Қаржаубай Нұрымовтың төбелесті тоқтата алмағанын да айыптады.

«Қаржаубай Шерзаттың достарының жиналуына жол беріп қойды. Олай болмағанда екінші тараптан келген балалар тоқтата алар ма еді. Сотталушылар ол балаларды көріп, «біз де қарап қалмайық» деп ойлаған», - деді адвокат.

Прокурор Дана Сәрсенбай Абзал Шынасылды 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

 

Тегтер: