Валюта бағамы: Қазақстанда доллар құны қалай өзгерді

Автор: Асыл Арман

Доллар бағамы жарияланды

Фото: freepik.com

KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 511,37 теңгені құрап, 0,55 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің ресми дерегі бойынша 2 маусымдағы доллар бағамы – 510,81 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен – 510,65 теңге, сату – 512,5 теңге.

Астанадағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 508,38 теңгеге сатып алып, 514,41 теңгеге сатады.