Бразилияда бір күнде 32 мың адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар бір күнде 1272 адам қайтыс болды

Фото: ria.ru

Бразилияда бір күнде коронавирус жұқтырған 32 091 адам анықталып, 1 272 адам қайтыс болды. Осылайша мемлекетте COVID-19 жұқтырғандар саны 739 мыңнан, қайтыс болғандар саны 38 мыңнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, дерттен 311 мыңнан астам адам жазылып шыққан.

«Джонс Хопкинс университетінің деректері бойынша, Бразилия қайтыс болғандар саны бойынша әлемде АҚШ пен Ұлыбританиядан кейін үшінші орында тұр. Ал COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша екінші орында», - деп жазады басылым.