Екібастұзда карантин режимі күшейтіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы аптада мұнда коронавирус жұқтырғандар саны 30%-ке өскен

Фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 30% өскендіктен, карантин режимі күшейтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Өткен аптаның нәтижелері бойынша ауру жұқтыру бойынша өсім байқалды. Сондықтан карантиндік шараларды күшейту мәселісі қарастырылып жатыр. Алдағы уақытта қоғамдық көлік қозғалысы, сауда-сауықтыру нысандарының жұмысына шектеу қойылады. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы тексеріледі», - деді облыстың бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

Аймақ бойынша бүгінге дейін 300-ден астам адамнан коронавирус анықталды. Қазір инфекциялық стационарда 40 науқас ем алып жатыр. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр.