«Бір түрлі екен»: ерлі-зайыпты тойға қайықпен кірді (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Алайда тойдағы креатив жұртқа ұнамады

Фото: видеодан скриншот

Тойға қайықпен кірген ерлі-зайыптының әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео астындағы жазбаға қарағанда той 30 мамырда Түркістан облысында өткен. Ерекше тойдың иесі өзінің 63 жасқа келгенін дүркіретіп тойлаған.

Алайда тойдағы креатив желі қолданушыларына ұнамады. Олардың көпшілігі мұндай дарақылыққа жол беруге болмайтынын айтып жатыр.

«Қазақ қуды, ренжімесін», «Мынаны көріп, Қазақстаннан көшіп кеткім келді», «Мен той істесем, танкімен шығам-ау», «Өз аяғымен шыққанға не жетсін», «Атпен, түйемен, көлікпен кірдік, енді не қалды десек...», «Бір түрлі екен», - деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз: