Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 550-ден астам адам ұсталды
2025 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының финалындағы «Пари Сен-Жерменнің» тарихи жеңісі қайғылы аяқталды. Парижде және Францияның басқа қалаларында жаппай тәртіпсіздіктер болып, салдарынан екі адам қаза тауып, 190-нан астамы жараланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РБК-ға сілтеме жасап.
Елдің оңтүстік-батысындағы Дакс қаласында 17 жастағы жасөспірімді өлтіріп кеткен. Прокуратураның мәліметінше, қылмыстың футбол командасының жеңісін тойлауға қатысы бар-жоғы әлі анықталмаған.
Сондай-ақ скутер мінген ер адамды көлік қағып өлтірген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
ПСЖ клубының он мыңдаған жанкүйері Париж, Лион, Марсель және басқа да ірі қалаларда көшеге шықты. Мерекелік шерулер тез арада полициямен қақтығысқа ұласты. Өрт қою, бұзақылық, тонау фактілері тіркелді.
Тәртіпсіздіктер салдарынан 20-дан астам полиция қызметкері мен жеті өрт сөндіруші жарақат алып, 550-ден астам адам ұсталды.
Жанкүйерлер Мюнхенде өткен 2025 жылғы Чемпиондар лигасының финалында ПСЖ-ның Интерді 5:0 есебімен жеңгенін тойлады. Бұл ПСЖ-ның басты еурокубоктегі алғашқы жеңісі еді, тарихи оқиға бүкіл елдегі жанкүйерлердің толқуын тудырды.