Министрлік скринингті жаңаша форматта іске асыруды бастады
Қазақстанда созылмалы аурулардан болатын өлім-жітімді азайту үшін Денсаулық сақтау министрлігі скринингтік тексерулерге жүйелі өзгерістер енгізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласында өткен Министрліктің көшпелі алқа отырысында инфекциялық емес аурулармен күрес жолдары талқыланды. Бұл аурулар – Қазақстандағы өлім-жітімнің басты себептері.
Вице-министр Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша:
ИАА қауіпін арттыратын негізгі факторлар:
«Бұл көрсеткіштер – халықтың өмір сүру сапасын төмендететін маңызды индикаторлар», – деді Ержан Нұрлыбаев.
Соңғы 6 жылда онкологиялық аурулардан болатын өлім 11,6%-ға азайғанымен, алаңдатарлық деректер сақталып отыр:
Жаңа скрининг реформасына сәйкес:
Ішек қатерлі ісігінің жаңа скринингтері ұсынылады:
Министрлік салауатты өмір салтын (СӨС) насихаттау үшін білім беру бағдарламаларын кеңейтуді, салааралық ынтымақтастықты, халыққа профилактикалық ақпарат жеткізуді күшейтуді ұсынады.
«Аталған шаралар тек өлім-жітім мен ауыр асқынулардың алдын алып қана қоймай, мемлекет бюджетіне түсетін салмақты да азайтады», – делінген хабарламада.
Қазақстанда созылмалы, инфекциялық емес аурулардан болатын өлім-жітім соңғы жылдары өзекті мәселеге айналды.