Ақтөбеде жоғалып кеткен нефролог дәрігер өлі табылды

Автор: Алмас Ерсін

Осы іске қатысты күдікті қамауға алынды

Фотоны Е. Голотина берді

Ақтөбеде белгілі нефролог дәрігер өлі табылды. Оны өлтірді деген күдікке ілінген адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазонға» сілтеме жасап.

Дәрігер бір апта бұрын жоғалып кеткен

Марқұм Абай Айсағалиев 23 мамырда із-түзсіз жоғалып кетті. Кеше оны іздеуге еріктілер қосылып, әлеуметтік желіде көмек сұрады.

"Өкінішке қарай, полициядан ер адамның өлі табылғаны туралы ақпарат алдық. Өлімнің мән-жайы бізге беймәлім және оны жария етуге болмайды. Абай Айсағалиевтің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", - дейді «Zello Poisk» еріктісі Екатерина Голотина.

Күдікті қамауға алынды

Полицейлердің мәліметінше, күдікті ұсталды. Тәртіп сақшылары 31 жастағы жергілікті тұрғыннан күдіктеніп отыр.

"Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық тергеп-тексеру аясындағы өзге мәліметтер жария етілмейді", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.