Оның ошағы Қытай аумағында орналасқан
31 мамыр күні Астана уақытымен сағат 13:28-де Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Ұлттық сейсмологиялық бақылау орталығы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 360 шақырым қашықтықта орналасқан»,– делінген ресми хабарламада.
Координаттары:
Мамандардың дерегінше:
«Тіркелген жер сілкінісі халыққа сезілмейтін, аз қуатты деңгейде болды», – деп мәлімдеді сейсмологиялық орталық.
Айта кетейік, бұған дейін Каспий теңізі аумағында, Ақтау қаласынан 358 шақырым қашықтықта да жер сілкінісі тіркелген. Ол да Қазақстан аумағына әсер етпеген.