Алматы метросында 1 маусым күні балалар үшін жол жүру тегін болады

Автор: Мөлдір Қазыбай

14 жасқа дейінгі балалар тегін жүре алады

Фото: Azattyq Rýhy

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы метросында балалар үшін жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы метрополитеніне сілтеме жасап.

Алматы метрополитенінің мәліметінше, 1 маусым күні мегаполисте 14 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балаларға метро арқылы жүру тегін болады.

«Бұл бастама – балалармен отбасыларды қолдауға бағытталған. Тегін жол жүру метрополитен ашылған сәттен бастап станциялар жабылғанға дейін күні бойы қолданылады», – деп хабарлады метрополитен өкілдері.

Айта кетейік, Астана Тұран даңғылы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше күнге жабылатыны хабарланған болатын.

Тегтер: