Маусым – тұрақсыз ауа райымен басталады
«Қазгидромет» РМК алдағы маусым айына арналған консультативті ауа райы болэамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күнтізбелік жаздың алғашқы айында елімізде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық айналымның жазғы ерекшеліктері салдарынан ауа райы бірде салқын, бірде ыстық болып, жиі құбылады. Кей күндері найзағай, бұршақ, дауылды жел және шаңды дауылдар да күтіледі.
Маусымның алғашқы онкүндігінде Қазақстанның барлық өңірінде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады. Ыстық тропикалық ауаның орнына салқын атлантикалық ауа келгенде, ауа температурасы төмендейді.
Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау облыстары:
Солтүстік және орталық өңірлерде – салқын жел
Шығыс Қазақстанда – қалыпты жаз
Оңтүстікте – аптап ыстық
Жамбыл облысы мен оңтүстік өңірлер:
Оңтүстік-шығыста – біртіндеп ысиды
Алматы және Жетісу облыстары:
Таулы аймақтарда:
Батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс:
Солтүстік, орталық, шығыс:
Маусым айы Қазақстанда нағыз жаздың келуін білдіреді. Алайда аптап ыстықпен бірге өткінші жаңбыр, найзағай мен дауылды жел де қатар жүретін болады. Жергілікті ауа райын қадағалап отыру – қауіпсіздік пен жайлылық кепілі.