Тоқаев «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысушы елдердің басшыларын қарсы алды

Автор: Асыл Арман

Саммит Астана қаласында өтеді

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент бірінші «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысушыларымен суретке түсті.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға келген Италия министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен келіссөздер қорытындысы бойынша Стратегиялық серіктестікті кеңейту жөнінде бірлескен мәлімдеме қабылдағаны хабарланған болатын.