Синоптиктер болжамы жарияланды
«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы болжанады: жаңбыр мен найзағай, екпінді жел, күндізгі уақытта бұршақ күтіледі.
«1 маусым күндіз еліміздің оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында, 2 маусымда батысында, оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Батысында, солтүстік-батысында қатты ыстық басылуы күтілуде.
ҚР қалған аумағында ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтілуде, күндіз еліміздің орталығында, оңтүстігінде 35-40 градус қатты ыстық болады деп болжанып отыр», - делінген синоптиктер болжамында.