Сурет Telegram желісіндегі «Борт №1» арнасында жарияланған
Әлеуметтік желіде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонидің Ақордадағы суреті жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Суретте Италия премьер-министрі Қазақстан президенті сыйға тартқан қазақтың ұлттық шапанын киіп тұрғанын байқауға болады.
«Мәртебелі мейманға қазақы құрмет көрсетілді. Джорджа Мелониді қазақтың қонақжайлық дәстүріне сай қарсы алды», – деп жазылған суретке қоса берілген жазбада.
Сурет Telegram желісіндегі «Борт №1» арнасында жарияланған.
Айта кетейік, Италия министрлер кеңесінің төрағасы кеше Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Бүгін Астанада екі ел басшылары арасында келіссөздер өтті.