Астанаға Садыр Жапаров келді

Автор: Асыл Арман

Ол Астанада өтетін «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысады

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астанаға Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Қазақстанға келді.

Өткен жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд доллардан асқан болатын. Бірінші тоқсанның қорытындысына сәйкес, өзара сауда-саттық өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артып, 435 млн долларды құрады. Қазақстан тауарлары экспорты 32,7%-ға өсті. Бүгінде екі ел үкіметтері алдына өзара тауар айналымын 3 млрд долларға дейін жеткізу міндеті қойылды.