Абай облысында жыл басынан бері 155 адам жоғалып кеткен

Автор: Мөлдір Қазыбай

Облыстық ПД жағдайды түсіндірді

Фото: istockphoto.com

Абай облысында жыл басынан бері жоғалған 155 адамның 151-і табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, жыл басынан бері полицияға 155 адамның із-түссіз жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Іздестіру шаралары нәтижесінде 151 азаматтың мекенжайы анықталды.

Қалған 4 дерек бойынша жұмыстар жалғасуда. Іздеу жұмыстарына учаскелік инспекторлар, криминалдық полиция, еріктілер және өзге де қызметтер тартылған.

«Көп жағдайда жоғалып кететіндер – кәмелетке толмағандар мен психикалық ауытқуы бар жандар. Негізгі себептер – отбасылық келіспеушіліктер мен эмоциялық тұрақсыздық.

Полиция азаматтарды жақындарына мұқият болуға шақырады. Егер адам жоғалса, бірден полицияға хабар беру қажет. Кез келген ақпаратты 102 нөміріне немесе жақын жердегі бөлімшеге хабарлауға болады», - делінген ПД хабарламасында.