БҚО-да 50-ден асқан әйел жезөкшелерге арнап бөлме дайындаған

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оралда притондарды анықтауға арналған жедел-іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр

Фото: БҚО ПД

Оралда жезөкшелікке арналған притондарды ұйымдастыру және ұстау фактілері тіркеліп, бірнеше күдікті ұсталды. Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мен полиция департаменті бірлесіп жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде 2024-2025 жылдар аралығында интимдік қызмет көрсететін орындарды заңсыз ұйымдастырған тұлғалар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен және облыстық полиция департаментінің басқа да бөлімшелерімен бірлесіп, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Орал қаласында жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Нақты деректер бойынша:

2024 жылдың наурыз айынан 2025 жылдың мамыр айына дейін 51 жастағы әйел қаладағы сауналардың бірінде интимдік қызмет көрсетуге арналған бөлмелерді жабдықтап, оларды ақылы түрде пайдалануға бергені анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар, сол кезеңде екі әйел алдын ала сөз байласу арқылы топ болып жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған. Бұл дерек бойынша да қылмыстық іс қозғалып, күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұдан бөлек, алты әйелге қатысты да осындай қылмыстық күдікпен іс қозғалды. Бұл тергеуді Абай полиция бөлімі жүргізіп жатыр.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРАЛАР:

Ішкі істер органдары жезөкшелікке тарту, притон ұйымдастыру және заңсыз қызмет көрсету нүктелерін анықтау мен жою бойынша кешенді шараларын жалғастыруда.

Аталған құқық бұзушылықтарға қатысы бар барлық тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады.