Сессияның күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды
Бүгін Ұлытау облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған III облыстық сессиясы «30 жыл бірлік пен келісім жолында» ұранымен өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сессияны облыс әкімі Дастан Рыспеков ашты. Ол ҚХА-ның елдегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы рөліне тоқталып, сессия күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігін атап өтті.
Сессияның күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды:
Сессия барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен мемлекеттік орган басшылары өз баяндамаларын жасап, ұсыныстарын ортаға салды:
Сессия қорытындысы бойынша облыс әкімі Дастан Рыспеков ҚХА-ның соңғы 30 жылда мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді диалог алаңы ретінде қалыптасқанын атап өтті.
Сессия соңында Журналистер күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ақпараттық қолдауға қосқан үлесі үшін бірқатар БАҚ өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.