Күдікті ретінде 42 жастағы ер адам мен оның сыбайласы ұсталды
Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық Полиция департаменті синтетикалық есірткі өндіруге арналған зертхананы анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
200 граммға жуық синтетикалық есірткі;
Қылмыстық әрекетті ұйымдастырды деген күдікпен 42 жастағы ер адам мен оның сыбайласы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәркіленген заттар бойынша тиісті сот-химиялық сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 297-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Күдіктілерге қатысты баптың санкциясы бойынша мүлікті тәркілеумен бірге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, іс облыс прокуратурасының бақылауында.