Синоптиктер 28 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қазақстанның көптеген аймақтарында ауа райы бұлтты және кей жерлерде жаңбыр жауады

Фото: pixabay

«Қазгидромет» РМК 28 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік өңірлер: көшпелі бұлтты, жел күшейеді

  • Астана – бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді. Күндіз +22...+24°, түнде +9...+11°.
  • Петропавл – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні күшейеді. Күндіз +18...+20°, түнде +11...+13°.
  • Көкшетау – көшпелі бұлтты, жаңбыр жоқ. Күндіз желді болады. Күндіз +21...+23°, түнде +12...+14°.
  • Қостанай – көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Түнде +11...+13°, күндіз +26...+28°.
  • Павлодар – күндіз бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Жел күшейеді. Күндіз +18...+20°, түнде +9...+11°.

Орталық және шығыс өңірлер: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

  • Қарағанды – күндіз бұлтты, аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді. Күндіз +22...+24°, түнде +6...+8°.
  • Жезқазған – бұлтты, жаңбыр жоқ, күндіз желді болады. Күндіз +27...+29°, түнде +10...+12°.
  • Өскемен – бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз +14...+16°, түнде +1...+3°.
  • Семей – бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, жел соғады. Күндіз +20...+22°, түнде +2...+4°.

Оңтүстік-шығыс: бұлтты, бірақ жаңбыр жаумайды

  • Талдықорған – бұлтты, жаңбыр жоқ, жел күшейеді. Күндіз +23...+25°, түнде +3...+5°.
  • Алматы – бұлтты, жаңбыр жоқ. Күндіз +21...+23°, түнде +11...+13°.
  • Қонаев – бұлтты, жауын-шашын жоқ. Күндіз +21...+23°, түнде +11...+13°.

Оңтүстік өңірлер: жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл

  • Тараз – бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді. Күндіз +19...+21°, түнде +10...+12°.
  • Шымкент – бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел соғады. +26...+28° күндіз, түнде +15...+17°.
  • Түркістан – бұлтты, жаңбыр жаумайды, шаңды дауыл. Күндіз +27...+29°, түнде +15...+17°.
  • Қызылорда – бұлтты, жаңбыр жоқ, шаңды дауыл. Күндіз +26...+28°, түнде +14...+16°.

Батыс өңірлер: ашық аспан, ыстық ауа райы

  • Атырау – аздаған бұлтты, жауын-шашын жаумайды. Күндіз +30...+32°, түнде +16...+18°.
  • Ақтөбе – аздаған бұлтты, жауын-шашын жаумайды. Күндіз +28...+30°, түнде +10...+12°.
  • Ақтау – аздаған бұлтты, жауын-шашын жаумайды. Күндіз +28...+30°, түнде +16...+18°.
  • Орал – бұлтты, жауын-шашын жаумайды. Күндіз +26...+28°, түнде +10...+12°.