Тоқаев CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады

Автор: Асыл Арман

Кездесуде энергетика, мұнай-химия өнеркәсібі, т.б. талқыланды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуде энергетика, мұнай-химия өнеркәсібі, автожол құрылысы, минералды сектор, ауыл шаруашылығы және басқа да негізгі салалардағы серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен оны нығайту перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев: 

  • Ақтау битум зауытын жаңғырту жобасын тиімді іске асырғаны үшін CITIC Group компаниясына алғыс айтты. Өндіріс орнындағы жұмыстар биыл сәуір айында мерзімінен бұрын аяқталды;
  • Қазақстанның сенімді инвестициялық серіктесі ретінде CITIC Group компаниясының қызметіне жоғары баға берді;
  • Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланысты нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізудің маңызын атап өтті.

Си Гохуа: 

  • корпорацияның мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, мұнай құбырларын тарту, Орталық – Батыс автокөлік жолын жөндеу, астықты терең өңдеу жобаларын бірлесіп жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.