1 маусымнан бастап жүк көліктердің қозғалысына жазғы шектеулер енгізіледі
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жаз мезгілінде республикалық маңызы бар автожолдарда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл шаралар күннің ыстығында жол жамылғысын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.
Шектеу мерзімі:
Шектеулер +25°C жоғары ауа температурасы кезінде, күндізгі уақытта енгізіледі.
1 маусымнан 31 тамызға дейін сағат 10:00-22:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:
1 маусымнан 15 тамызға дейін сағат 11:00-21:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:
Компания мәліметінше, шектеулер жол жамылғысын қорғау мақсатында енгізіледі.
Жоғары температурада асфальт жамылғысы жұмсарып, ауыр жүктемеге төтеп бере алмайды. Бұл жол жабынының бұзылуына, ойықтар мен ақаулардың пайда болуына алып келеді.
Жазғы шектеулерді сақтау:
жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.