Есіл өзенінің жағасына Кенесары ханның ескерткіші қайта орнатылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ескерткіш жөндеуден кейін өз орнына қайтарылды

Фото: instagram.com/erlankarin2019/Видеодан скрин

Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Астанада Кенесары ханның ескерткіші қайтадан Есіл өзенінің жағалауындағы орнына орнатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбада айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кенесары ханның ескерткіші жөнделіп, өз орнына қайтарылды. Қазіргі уақытта ескерткіш маңында абаттандыру жұмысы жүріп жатыр», – делінген бейнежазбаның сипаттамасында.

Ескерткіш апатты жағдайда болған

2024 жылғы қазан айының соңында Астана қаласының Мәдениет басқармасы ғылыми-техникалық зерттеу нәтижесі бойынша, Кенесары хан ескерткіші апатты жағдайдағы нысан деп танылғанын хабарлаған болатын. Сараптама қорытындысына сәйкес, нысанның іргетасы қисайған, бұл – құлау қаупін тудырған.

Сол себепті ескерткіш 2023 жылдың қараша айында бөлшектеліп, реконструкциядан өткізуге жіберілген. Жоспар бойынша, ескерткіш 2025 жылдың көктемінде қайта орнатылуы тиіс еді.

Қандай жұмыстар атқарылды?

Реконструкция аясында келесі жұмыстар жүргізілді:

  • Ескерткіш мүсінін бөлшектеу және қалпына келтіру;
  • Постамент пен оған жақын аумақты демонтаждау;
  • Буроналынды тірек-қада өрісін орнату;
  • Қайтадан құрылымдарды құрастыру;
  • Постаментті әрлеу және қаптау материалдарымен өңдеу.

Қазіргі күйі

Қазіргі таңда ескерткіш өз орнында тұр. Оның айналасында абаттандыру және көркейту жұмыстары жалғасып жатыр.