Мектеп түлектері соңғы қоңырауды «ерекше» атап өтті
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауылында мектеп түлектерінің соңғы қоңырауда ұйымдастырған кортежі полиция назарын аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоға назар аударсақ, түлектер көлік терезесінен шығып, қауіпсіздік ережелерін елемей жүрген сәттері көрініс тапқан.
Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері тіркелгеннен кейін өңірлік полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, құқық бұзушыларға қатысты шаралар қабылдады.
Желідегі мәліметке сүйенсек, полиция оқиға бойынша 11 әкімшілік хаттама толтырып, 7 көлікті айып тұрағына қойды.
Айта кетейік, осыған дейін Ақтауда мектеп түлегі көлікке мініп, полициядан қашқан сәті видеоға түсіп қалған болатын.