Бишінің өнері әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті
Үндістаннан келген биші Nivetha Shree өзінің Instagram парақшасында Тұзбайыр соры маңында билеген биінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңбырдан кейін бұл маңай айнадай жарқыраған көлге айналып, бишінің өнеріне ерекше көрініс пен атмосфера сыйлағандай әсер қалдырды.
Бишінің өнері әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті.
Желі қолданушылары бұл бейнежазбаны жоғары бағалап, бишінің өнеріне тәнті болды.
«Бұл — ертегідей әлемге сапар шеккендей әсер қалдырады», «Осындай ерекше жерде қозғалыс пен энергияның үйлесім тапқанын өз көзіңмен көріп, сезіну керек», — деп жазды желі қолданушылары.