Балаларды терезеден құлаудан қорғау шаралары
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жазғы мезгілде балаларды терезеден құлауы үшін сақтық шараларын ұстануға шақырады. Жаз мезгілінде балалар терезеден құлап, түрлі дене жарақатын алады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен жылы облыста 11 бала терезеден құлап кеткен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Нұралы Мусиев хабарлады. Оқиғалардың ішінде 10 жағдай облыс орталығында тіркелсе, біреуі Сырым ауданында болған.
2022 жылы сегіз жағдай, ал өткен жылы жеті бүлдіршін биіктен құлаған. Құтқарушылар балалардың терезе мен балконнан құлауы көбінесе таңғы сегізден кешкі сегіз аралығында жиі тіркелетінін хабарлады. Сондай-ақ төрт жастан бастап, жеті жас аралығындағы сәбилер жиі құлайды екен.
Сала мамандары балаларды көзден таса қалдырмауға шақырады. Бүлдіршіндері бар жанұяларға терезелерге арнайы құрылғыларды орнатуға кеңес береді. Биыл облыста 194 терезені бұғаттайтын құрылғы орнатылыпты.