Оқыс оқиға Ташкент қаласында болды
Ташкент қаласында ер адам келініне жыныстық сипаттағы әрекеттер жасамақ болғаны үшін бес тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Nova24 басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Янгихаёт ауданында болған. 49 жастағы ер адам ұлының отбасымен бірге бір үйде тұрған. Бір күні ол өз келініне қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасамақ болған.
Сот отырысында ер адам кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін білдіріп, мұндай жағдайдың қайталанбайтынына уәде берген.
Сот оны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 41-1-бабы (Жыныстық қолайсыздық көрсету) бойынша кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.