Ол әлемнің 31-ракеткасы Хуберт Хуркачты жеңді
Сербиялық теннисші Новак Джокович ATP турнирлеріндегі мерейлі 100-жеңісіне жетті. Бұл жетістікке ол ATP-250 санатындағы Женева турнирінде чемпион атану арқылы қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Финалдық ойында Джокович Польша өкілі, әлемнің 31-ракеткасы Хуберт Хуркачты тартысты матчта жеңді:
5:7, 7:6 (7:2), 7:6 (7:2) – матч үш сетке созылды, екі тай-брейкпен аяқталды.
Бұл титул Джокович үшін 2025 жылғы маусымдағы алғашқы жеңісі болды. Еске салайық, өткен жылы ол Париждегі Олимпиада ойындарында жалғыз сында алтын медаль иеленген еді.