Қарағандыда 19 автобус бір мезетте өртеніп кете жаздады

Автор: Мөлдір Қазыбай

ТЖМ құтқарушылары 19 автобусты өрттен қорғады

Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан скрин

Қарағандыда автопарк аумағында тұрған 19 автобус бір мезетте өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, С.Мұқанов көшесіндегі автобус паркінің аумағында бокс ішіндегі тұрған автобус өртенген.

«Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері жағдайды жедел бағалап, дереу жанында тұрған автобустарды қорғауға кірісті.

Өрт 8 шаршы метр алаңда оқшауланып, даму кезеңінде сөндірілді, бұл оның одан әрі таралуының алдын алуға мүмкіндік берді», - делінген министрлік хабарламасында.