Қанды оқиға Қарасай ауданына қарасты Долан ауылында болған
Алматы облысында мектеп бітіруші түлек сыныптасын өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Қанды оқиға Қарасай ауданына қарасты Долан ауылында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полиция мәліметінше, күдіктінің заңды өкілдері бала тәрбиелеу міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы тиісті ұсыныс білім басқармасына жолданған.
Желіде таралған ақпарат бойынша, оқиға мектеп бітіру кешінде болған. Екі жасөспірім де – биылғы түлектер. Кешке қатысушылар жалға алынған үйде алкогольдік ішімдік ішкен. Қылмыс шамамен сол кеште болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс құралы ретінде кәуапқа арналған шампур қолданылған. Қазір оқиғаға қатысқан барлық куәгерден жауап алынып жатыр. Барлығы да ұсталған жасөспірімді көрсетіп отыр.
Құқық қорғау органдары үн қатады
Қазіргі уақытта тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Қоғамда резонанс тудырған бұл оқиғаға байланысты тергеу жалғасуда.