Олар толықтай жүргізушісіз басқарылады
Қытайдың Таншань қаласынан Астана қаласына LRT-ның алғашқы екі заманауи пойызы жөнелтілді. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
CTS мәліметінше, сынақтық іске қосу 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланып отыр. Қазіргі таңда елордада LRT құрылысының негізгі жұмыстары аяқталуға жақын:
Құрамдардың ресми жөнелту рәсімі Қытайдың Таншань қаласында өтті. Оған қазақстандық тараптан CTS басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев, ал қытайлық тараптан CRRC Tangshanзауытының төрағасы Чжоу Цюннянь мен CRAEC компаниясының директоры Чжоу Хайвэй қатысты.
Астана LRT – елорда көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған стратегиялық жоба. Құрылыс жұмыстары алғаш рет 2011 жылы басталғанымен, түрлі себептермен кейінге шегерілген. Қазір жоба қайта жанданып, жолаушылар ағынын жеңілдетуге және экологиялық көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.