«Қазақтарға ұқсайды»: филиппиндік келін ата-анасын қарсы алды (ВИДЕО)

Автор: Дәулет Ботагөз

Эмоциялық сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр

Фото: видеодан скриншот

Қазақстанда қазақ жігітке тұрмысқа шыққан филиппиндік келіннің әке-шешесін қарсы алған сәті әлеуметтік желіде кеңінен таралып, қолданушыларды толқытты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Ата-анасын гүлмен қарсы алды

Желіде тараған видеодан филиппиндік келіннің әуежайда ата-анасы мен бауырын асыға күтіп тұрғанын көруге болады. Жанында – жұбайы мен ата-енесі. Ұшақтан түскен бетте ол анасына гүл ұсынып, құшақтап қарсы алады. Одан кейін әкесімен және таңғалып тұрған інісімен қауышады.

Бұл сәт желі қолданушыларының көңілінен шықты:

  • «Әпкесін қатты сағынған бауыры сәл ұялып тұрған сияқты»
  • «Филиппин мен Тайланд адамдары қазақтарға ұқсайды»
  • «Келген құдаларыңызды жылы қарсы алғандарыңыз қандай керемет!» – деген пікірлер жазылды.

Көпұлтты отбасы

Белгілі болғандай, филиппиндік қыздың ата-анасы мен інісі Қазақстанға арнайы келіп, құдаларымен танысып жатыр. Бұл – Қазақстандағы интернационал отбасылардың күнделікті өмірінен алынған ерекше сәт.