«Иә, мойындаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова көптің алдында ағынан ақтарылды

Автор: Алмас Ерсін

Ол қызымен бірге маңызы зор ерекше күнді өткізгенін атап өтті

Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова 11-сыныпты бітірген қызының ең қуанышты сәттері бейнеленген видеоны көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңызы зор ерекше күн

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында тұңғышына ақжарма тілегін жеткізді.

«Бүгінгі күн сен үшін де, мен үшін де маңызы зор ерекше күн. Жыл бойы екеуміз түрлі сынақтардан, эмоциялардан, қызықты сәттерден өттік. Енді міне жемісін теретін кезеңге жеттің. Шүкір! Қадамың оң болғай», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Ол қызы 11-сыныпқа көшкеннен бастап толқуы бір сәтке де сейілмегенін айтты.

«Иә, мойындаймын… ана болған соң уайым да болды, дегенмен де қызым, саған деген сенім одан да жоғары болғанын да жасырмаймын. Өзіңмен бірге есейіп өстім, дамыдым!», - деп түйіндеді өнерпаз.

Айта кетері, әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың төрт бала тәрбиелеп отыр.

Садақ пен жебе

Бұған дейін актриса садақ пен жебемен түскен ерекше суреттерін жариялап, әсерлі жазба қалдырған болатын.

Актриса жариялаған суреттерде батыл, өзіне сенімді әйелдің бейнесі көрініс табады. Ашық аспан астында садағын көкке кезеген Жұлдыз бұл образ арқылы өзінің ішкі жаңғыруын, рухани серпілісін білдіргендей.