Бұл Астана, Алматы және Ақтау қалаларында қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа болып саналады
Үкімет қазақстандықтарға туу туралы куәлікті Kaspi постаматы арқылы алуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мұндай пилоттық жобаны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Әділет министрлігімен бірлесіп қолға алды.
Жоба «Ашық НҚА» платформасында жарияланды, ол осы жылдың 6 маусымына дейін қоғамдық талқылауда болады.
Жоба «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан заңының 22-бабына сәйкес:
«Пилоттық жоба шеңберінде «Kaspi Bank» АҚ мобильді қосымшасы арқылы өтінімді ресімдеу кезінде «Kaspi Bank» АҚ постоматтары арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарына туу туралы куәлік беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі», - деп жазылған хабарламада.
Бұл Астана, Алматы және Ақтау қалаларында қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа болып саналады.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.