Қаржылық мониторинг агенттігі тергеуді аяқтады
Астана қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның басқарушы директоры мен «Дорстройтрест» ЖШС басшысына қатысты тергеу амалдарын аяқтады. Оларға ауыр сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2022 жылдың қаңтарында аталған екі компания арасында «Көк-Төбе» тұрғын үй кешенінің құрылысына инвестиция салу туралы келісім жасалып, 2,6 млрд теңге аванс төленген. Алайда, құрылыс мерзімінде аяқталмаған және заңбұзушылықтар анықталған.
Тергеу нәтижесінде, бөлінген қаражаттың бір бөлігі құрылысқа қатысы жоқ қарыздарды өтеуге және автокөлік сатып алуға жұмсалғаны анықталды.
Шамамен 650 млн теңге жалған келісімшарттармен компания шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған. Бұл қаражаттың ізін жасыру үшін түрлі әдістер қолданылған.
Күдіктілер 23 млн теңгеге екі автокөлік сатып алып, оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Сот шешімімен жалпы құны 170 млн теңгені құрайтын 5 автокөлік пен Астанадағы пәтерге тыйым салынды.
Күдіктілердің екеуі де қамауға алынды. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуге жарияланды.