Алдағы уақытта 10 теміржол маршруты ұйымдастырылады
Туристік маусым қарсаңында Балқаш курорттық аймағына қосымша пойыздар іске қосылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Пойыздар Астана, Семей, Алматы қалалары мен Қарағанды облысынан (Мойынты, Саяқ) қатынайды:
Сонымен қатар 1 маусым мен 31 тамыз аралығында айдың тақ күндері №219/220 «Қарағанды-Балқаш» жүрдек пойызы қатынайды. Оның құрамына 4 плацкарт және 2 купе вагон кіреді.
Балқаш көліне дейін «Орталық – Оңтүстік» жол бағыты арқылы төрт жолақты жолмен жүруге болады.
"Астана қаласынан ұзындығы 217 шақырым «Астана – Қарағанды» жолын өтіп, одан әрі ұзындығы 363 шақырым «Қарағанды – Балқаш» жолы бойынша жетуге болады. Жол жүру уақыты шамамен 5-6 сағатты құрайды. Ұзындығы 262 шақырымды құрайтын «Меркі-Бұрылбайтал» жолы арқылы да жетуге болады", - деп жазылған хабарламада.
Балқашқа Лепсі ауылы арқылы баламалы жолмен де жетуге болады. Мұндағы 27 шақырымдық жол учаскесі қайта жөнделіп, ені 6-дан 7 метрге дейін кеңейтілді. Техникалық санаты V-тен III-ке ауыстырылап, өткен жылдың қазан айында пайдалануға берілді.