Алматыда екі жұмысшыны тоқ соқты

Автор: Асыл Арман

Олар қазір ауруханаға жеткізілді

Фото: t.me/krispastana/Видеодан скрин

Алматыда «Жастар» тұрғын үй кешенінде жөндеу жүргізіп жатқан екі электр маманын тоқ соқты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Krispastana Telegram-каналының мәліметіне сүйенсек, оқиға барысында екі жұмысшыға электр тоғы соққан. Дәрігерлер зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, оларды ауруханаға жеткізді.

«Жеке қызмет көрсету компаниясының екі қызметкерін тоқ соғу фактісі бойынша, Алмалы ауданы полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттігімізге берген түсініктемесінде.

Полиция департаменті заңнамаға сәйкес шаралар қолданылатынын атап өтті.