ҰҚК қызметкерлері арнайы операция жүргізді
Шығыс Қазақстан облысында Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы заңсыз алтын өндірумен айналысқан адамдар тобын анықтады. Заңсыз әрекеттер облыс аудандарының бірінде тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құқық бұзушылық орнын нақты белгілеу үшін жедел уәкілдер ұшқышсыз басқарылатын дрон қолданған. Нәтижесінде заңсыз жер қазу жұмыстарының нақты орны белгілі болып, жүргізілген жедел іс-шара барысында 6 адам ұсталды.
Тергеу кезінде мыналар тәркіленді:
Топырақ үлгілері
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жерасты ресурстарына келтірілген материалдық залалды анықтау үшін сараптама тағайындалды.
Мамандардың айтуынша, мұндай заңсыз әрекеттер мемлекет экономикасына ғана емес, сонымен қатар өңірдің экожүйесіне – флора мен фаунаға, табиғи ландшафтқа айтарлықтай зиян келтіреді
ШҚО Полиция департаменті:
«Заң талаптарын сақтаңыздар және кез келген күмәнді әрекет туралы 102 нөміріне хабарлаңыздар. Табиғи байлықтарымызды сақтау – бірлескен күш-жігерді қажет ететін маңызды міндет», – деп атап өтті.