Астанада 18 млн теңге қарызы бар адам қымбат көлігінен айырылды

Автор: Асыл Арман

«Борышкер» рейді барысында көлік тәркіленді

Фото: Астана ПД/Видеодан скрин

Астанада 18 млн теңге қарызы бар жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қомақты қарызы бар жүргізуші анықталды

Қаланың орталық көшелерінің бірінде тоқтатылған «Toyota Rav 4» көлігінің жүргізушісінің 18 миллион теңге көлемінде берешегі бары анықталды.

Осы берешекке байланысты жеке сот орындаушысының қаулысымен көлікті айыптұраққа қою туралы шешім қабылданған.

Полиция ескерту жасады

Астана қалалық Полиция департаменті азаматтарға өздерінің қаржылық және құқықтық міндеттемелерін уақытылы орындаудың маңыздылығын ескертеді.

Айыппұлдар мен басқа да берешектерді төлеуден жалтару:

  • көлік құралын тіркеуге шектеу қоюға;
  • жүргізу куәлігін уақытша тоқтатуға.