Желіде әншінің күйеуіне ұқсайтын ер адамның видеосы тарады
Әнші Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі, актер Ғазірет Қажымұқанұлына қатысты жұрт білмейтін сыбыс тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде тараған видеоға назар аударсақ, стримде отырған ер адамның Ғазірет Қажымұқанұлы екені айтылмайды, алайда кескін келбеті актерге қатты ұқсайтынын байқауға болады.
Желі қолданушылары ер адамның Ғазірет Қажымұқанұлы екенін айтып, әрекетін қатаң сынға алды.
«Кәмшаттың күшті клиптерін ютубтан алғызып тастап, үйге отырғызып қойды. Өзі қызбен танысып отыр ғой», «Әйелін үйде отырғызып, өзі қыздармен сөйлесе ме?», «Өз әйеліңді сыйламайсың ба», «Кәмшатқа тыйым салып, өзі күнде тиктокта», «Ақша жақсы түседі тиктоктан, осылай шыққаны үшін», «Бәрі отырады, бұл да ақша жасаудың әдісі. Сөйтіп тиыннан қомақты ақша жасайды. Соларды асырайтын баяғы халық», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Кәмшат Жолдыбаева әншілікті тастап, психолог болып кеткені хабарланған болатын. Ал көп ұзамай журналист Анна Данченко әншінің ана атанып, Ақтөбеде ата-енесімен тұратынын айтты.