Тоқаев Румыния президентін құттықтады

Автор: Асыл Арман

Ол президент сайлауында жеңіске жеткен

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

«Бұл жеңісіңіз – халқыңыздың сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор, – делінген жеделхатта.