Тоқта деген бұйрыққа бағынбай, көлігінің жылдамдығын арттырған
Семей қаласында Mazda көлігін мінген 38 жастағы мас жүргізуші полициядан қашамын деп қарсы жолаққа шығарып, ГАЗ көлігімен соқтығысты. Бұл туралы Azattyq Rýhy облыстық ПД-ге сілтеме жасап хабарлайды.
17 мамыр, сағат 23:30 шамасында патрульдік полицейлер Бозтаев көшесінде жол ережесін бұзған Mazda көлігін байқап, тоқтау туралы талап берген. Алайда жүргізуші заңды бұйрыққа бағынбай, жылдамдығын арттыра қашқан.
Қуғын жолайрықта аяқталған. Mazda жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, ГАЗ көлігіне қатты соғылған. Соққы салдарынан көліктің кузовы қатты деформацияланып, жүргізуші көлік ішінде қысылып қалған.
Оқиға орнына жеткен патрульдік полицейлер мен куәгерлер көліктің есігін ашып, жүргізушіні дереу шығарып алған. Жедел жәрдем қызметі оның денесінен жеңіл жарақаттар анықтаған.
Тексеру нәтижесінде жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды. Ол бірнеше құқық бұзушылық жасаған:
Құқық қорғау органдары азаматтарды жолда жауапты болуға шақырады. Мас күйде көлік жүргізу – жүргізушінің ғана емес, өзге адамдардың өміріне де тікелей қауіп төндіреді.