Әзірге бұл бастама Астанада ғана қолға алынды
Астана қаласында жедел жәрдемнің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервис іске қосылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа жүйе жеделдіктің бірінші санаты бойынша шақырту түскен кезде іске қосылады. Өтініш берушіге интерактивті картаға сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді. Сол сілтеме арқылы азаматтар жедел жәрдем көлігінің қозғалысын онлайн бақылай алады.
Бұл шешім:
Астана жедел жәрдем қызметі күніне 6000-ға дейін қоңырау қабылдайды. Оның 40%-ы – жедел жәрдемнің қашан келетініне қатысты қайталама қоңырау. Жаңа жүйе осы жүктемені азайтып, ресурсты маңызды шақыртуларға бағыттауға мүмкіндік береді.
Пилоттық жоба әзірге Астанада ғана іске қосылып отыр. Бірақ алдағы уақытта бұл тәжірибені Қазақстанның барлық өңірлерінде қолдану жоспарланған.
Министрлік түсіндірме берді
«Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын көру мүмкіндігі – технологиялар арқылы ашықтықты қамтамасыз етудің, адамдардың уайымын азайтудың және дайындықты жақсартудың жақсы мысалы», – деді денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.