Прокуратура қандай құқықтар бұзылғанын түсіндіріп берді
Абай ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында 11 мектептен заңбұзушылықтар анықталды. 125 қызметкердің еңбек құқығы бұзылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексеру нәтижесінде мектептерде педагогикалық және техникалық қызметкерлерге қажетті жеке қорғаныс құралдары берілмегені анықталды. Атап айтқанда:
Бұл жағдайлар қызметкерлердің қауіпсіз және гигиеналық еңбек ету құқығын бұзып, заңмен белгіленген еңбек жағдайларына қайшы келіп отыр.
Прокуратураның араласуынан кейін мектеп директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда мектептер қажетті қорғаныс құралдарын сатып алу процедураларын бастап кетті.